Украина президенті Владимир Зеленский ел аумағының бір бөлігінен айырылуды білдіретін бейбіт келісімді қабылдауға дайын ба деген сұраққа оң жауап берді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Fox News телеарнасының журналисті одан қазіргі жағдайды сол күйінде тоқтатуды көздейтін және соның нәтижесінде Украина өз аумағының 75%-ын немесе одан да көп бөлігін сақтап қалатын келісімге келісе ме деп сұраған.
«Иә. Егер дәл қазір бәрін тоқтатып, қазіргі жағдайды қатыру керек болса, менің ойымша, бұл соғысты аяқтаудың нақты жолы», – деп жауап берді Зеленский.