Шоу-бизнес

«Ажардың ащы зары қосылды»: Роза Әлқожа Оразалыны жоқтаған жыр туралы жазды

«Ажардың ащы зары қосылды»: Роза Әлқожа Оразалыны жоқтаған жыр туралы жазды

Әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында "Сағындым сені" әні туралы жазды,, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі туындыға дем бергенін айта кетті. 

"Әр ән тірі организм. Ол өмір сүреді, өзінің тағдыры бар. Бағы бар, соры бар.
Әр әннің түлеуіне, түрленуіне жол беру керек! Ол әртүрлі орындауда құлпыра береді, жаңа мазмұн алады. Әркім өзіне керек нұсқаны қабылдайды. Менің ән жайлы пікірім осылай.
Бұл әнді қазақ-қырғыз, кабардина балкар елі орындайды. Түрік дүниесі тамсанған ән әу баста бала жүректің сағынышы еді. Таза сезімнің тұмасы болғандықтан да талайларды тербеді. Оған Ажардың ащы зары мен өкініші қосылғанда бар әттеңнің әйдік нотасын басты. Бұл сор мен бақтан тұратын тірлік-тепкінің шындығы еді…
Енді Майра апамыз Серікболмен ән айт дегенде осы әнді ұсындым. "Сағындырған әндер-айда" елдің сағынып тыңдайтын әнін неге орындамасқа?! Серік інімнің зор дауысымен ән басқа бір кеңістікке алып кеткендей!", деп жазды ол. 

Барлық жаңалық