Әнші Мөлдір әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырған оқырманға жауап беріп, бұрынғы күйеуі Тұрсынбектің әңгімелеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқырман Тұрсынбек 15 жыл бойы Мөлдірдің өмірі мен күнделікті тіршілігін айтып, соның негізінде билет сатып, табыс тапқанын жазған.
«15 жыл материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді алдап. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша істегені үшін Қазақ елінен кешірім сұрау керек-ау», – деп жауап берді.
Сондай-ақ Мөлдір оқырманға YouTube-тен «ӨТІРІК» әнін тыңдауға кеңес берген.