Қоғам

Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Шишли ауданында 26 жастағы Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханова биіктіктен құлап, көз жұмды. Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көршілес ғимараттың шатырына өтпек болған.

DHA агенттігінің мәліметінше, қазақстандық қыз шатырға шыққаннан кейін шатырды жауып тұрған тентке басқан болуы мүмкін. Алайда тент оның салмағын көтере алмай, қыз екінші жерасты қабатының деңгейіне құлап кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

Белгілі болғандай, Айсұлу Бекмаханова Түркияға қыркүйек айында туристік визамен барған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Ресей азаматы әйелмен бірге тұрған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын Түркияның құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Іс Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Барлық жаңалық