Қоғам

Ене де, асаба да кірмейді: Қазақ аруы мен Әкежан Айтбековтің үйлену тойында ерекше торт ұсынылды

Ене де, асаба да кірмейді: Қазақ аруы мен Әкежан Айтбековтің үйлену тойында ерекше торт ұсынылды

Жақында ғана дүркіреп өткен ұзату мен үйлену тойы желі қолданушыларының назарын аударды.

Қызылорда облысының тумасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Ақкербез бен еркін күрес шебері Әкежанның салтанатты кешіндегі басты тосынсыйлардың бірі — жан-жағы толықтай жабылған, жұмбақ әрі өте ерекше стильдегі той торты болды.

Мұндай заманауи кондитерілік туынды қонақтардың таңданысын тудырып, кештің сәнін келтірді. Той иелері мен келген қонақтардың айтуынша, бұл ерекше сәтте үй енесі де, тамада да кедергі келтірмей, жас жұбайлардың тәтті сәтті еркін атап өтуіне толық мүмкіндік берілген.

Желі қолданушылары жас жубайларға баянды бақыт пен махаббат тілеп, ақ тілектерін жаудыруда.

Барлық жаңалық