Қоғам

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

2024 жыл: Қыркүйек айында негізгі команданың бас бапкері атанып, маусым қорытындысы бойынша «Қайратты» Қазақстан чемпионы етті.

2025 жыл: Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

2026 жыл: Команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған Жора Арутюнян атқарады. Ол команданы «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындайды.

Клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтинге атқарған еңбегі, кәсібилігі және клуб тарихына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Барлық жаңалық