Қоғам

Тұрғын үй кешенінде кішкентай қызды зорламақ болды деген оқиға тексеріліп жатыр

Тұрғын үй кешенінде кішкентай қызды зорламақ болды деген оқиға тексеріліп жатыр

Астана қаласындағы «Бағыстан-4» тұрғын үй кешенінде кәмелетке толмаған қызға қатысты орын алған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Жергілікті тұрғындардың бірі Threads желісінде жазба жариялап, бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдіктінің суреттерін бөліскен.

Тұрғындар тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздік мәселесіне алаңдаулы. Олардың айтуынша, кешен 2025 жылдан бері пайдалануға берілмеген. Ал бейнебақылау камералары тек кіреберіс маңына орнатылғандықтан, аула мен автотұрақ аумағына бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік бар.

Полиция бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-1-бабымен қылмыстық іс қозғаған. Аталған бап бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайларын жариялауға шектеу қойылғанын мәлімдеді.

Ал тұрғындар күдіктінің жеке басын анықтап, оны заң аясында жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Барлық жаңалық