Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде шынайы болудың маңызы туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі өзінің суретін жариялап, жасандылыққа ұмтылмайтынын атап өтті.
«Адамдар неге ылғи фильтр артына тығылып, “идеальный” болып көрінуге тырысады? Бұл да бір өз комплексіңді жасыру, өз шындығыңа тура қарай алмау. Мен жасанды мінсіздіктің соңынан қумаймын. Иә, мен де процедураларды жасатамын. Бірақ сұлулық үшін емес, денсаулық үшін», – деп жазды әнші.