Қоғам

«Әйеліме ақша бермей, далаға шашамын»: Рамазан Амантай үйсіз жүргенін айтты

«Әйеліме ақша бермей, далаға шашамын»: Рамазан Амантай үйсіз жүргенін айтты

Танымал актер Рамазан Амантай әлі күнге дейін баспанасыз жүргенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бөлісіп, ақшаны орынсыз шашатынын мойындады.

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын. Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіріп, жылап жібердім», – деді актер.

Барлық жаңалық