Қоғам

Ақтауда мас ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын қиып тастаған

Ақтауда мас ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын қиып тастаған

Ақтауда күйеуінің соққысына ұшырап, тістері сынған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі үйге мас күйде келіп, пәтерақыға қатысты сұрағынан кейін жанжал шығарған. Ер адам әйелді ұрып-соғып, тістерін сындырып, шашын қиып тастаған. Оқиға кезінде үйде екі бала болған.

Әйел зорлық-зомбылықтан кейін ұйықтай алмай жүргенін, тістері сынғандықтан дұрыс сөйлеп, тамақ ішуге қиналатынын жеткізді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

Оқиғаға қатысқан ерлі-зайыптының Өзбекстан азаматтары екені және жеке басын растайтын құжаттары болмағаны анықталған. Әйелге Қазақстанда заңсыз жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Қазір оның да жағдайы тексеріліп жатыр.

Жәбірленуші сот-медициналық сараптамадан өтуге дайындалып жатыр. Ал полиция оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Барлық жаңалық