Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер Назгүл Сәтбаеваның желідегі сын-пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, танымал өнер адамдары ашқан дүкендер мен сұлулық салондарындағы қызмет көрсету сапасы мен тазалық өте нашар.
«Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың дүкенінде болдым. Жазира Байырбекованың салонын көрдім. Аша Матайдың да кәсібі бар. Айта берсең, мұндай орындар өте көп. Кітабымда да кейбір салондар туралы жаздым. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің 99 пайызының мекемесіне қайта барғым келмейді. Сервис жоқтың қасы. Сулы майлықтар шашылып жатады. Олар өздерінің аты мен аудиториясына сенеді. Ал кәсіби мамандарды жұмысқа алуға мән бермейді», – деген еді.
Бұл мәлімдемеге продюсер Гүлзира Айдарбекова жауап берді.
«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей, ақылшы болып енді таңқалдырып, атағы бар адамдардың артынан сөйлеп, хайп жинап, подписчик көбейтпей-ақ қойшы. Біздің дүкеннің тазалығындай дүкен ашып, жасап көр алдымен. Осы мін іздеп, тырнақ астынан кір тауып отыратындардан қалдық қой. Екінші Бағдагүл болып отырғаныңа жол болсын. Өз ісіңді қатырып, іздегендерің біз арқылы өсек айтып, елді кері пікірге бұрып, атақты болмай-ақ жайларыңа отырыңдаршы. Сен өзіңнің анаңның жасаған іскерлігімен, өз ісіңмен мақтан, соларды көрсетіп мықты болсаң. Мықтыларды мысқылдап, керексіз жерге тұмсығыңды тығып, тіміскілеп, өзіңді жарнамалап, өсегіңмен мықты болып көрінбей», – деп жазды ол.