Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасында қыз-жігіттерге үндеу жасап, отбасылық жауапкершілік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Жіттерге айтарым, сіздер өздеріңізді ар-намысы бар, ұяты, күш-жігері бар мықты ер азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер! Және әрбір өзіңізден шыққан ұрыққа жауапты екеніңізді әрқашан ұмытпаңыздар! Мынау не деген сұмдық? Әрбір әйелде еркектен қалған балалар әкесіз жүр.
Сондай-ақ ол қыз-келіншектерге де бала сүю мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.
«Ал, қыздарға айтарым одан да қатты. Бір апамыз «Салақтықтан туып жатқан бала» деп айтқан. Салақтықтан баланы туып қалмаңыздар! Кімнен туып жатқаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз. Сіздің туып жатқан балаңыз сол адамның ұрпағын жалғастыруға керек пе деп бірінші сұраңызшы. Біз бәріміз жаратылысымыз сондай болған соң мысықша туа береміз. Бірақ ол сіздің ахуалыңызды көтере ме? Сіз кім үшін туып жатырсыз? Соны көп ойланыңыздар», – деді әнші.