Қоғам

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлау шығындары үшін 700 мың теңге бөлінеді

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлау шығындары үшін 700 мың теңге бөлінеді

Қазақстанда 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысында көрсетілген,деп жазады Ozgeris.info.

Құжатқа сәйкес, кандидаттарға сайлауалды бағдарламасын теледидар мен радио арқылы таныстыруға, сондай-ақ мерзімді баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға 410 мың теңге бөлінеді.

Ал сайлауалды жария іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 180 мың теңге қарастырылған. Көлік шығындарын өтеуге тағы 110 мың теңге бөлінеді.

Осылайша, бір кандидаттың аталған шығындарын өтеуге бюджеттен жалпы 700 мың теңге қарастырылған.

Тиісті қаулыны Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 26 қазанда қабылдады. Құжат Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға қатысты қолданылады.

Барлық жаңалық