Қоғам

Армения парламентіндегі отырыс спикер мен депутат арасындағы жанжалдан басталды (ВИДЕО)

Армения парламентіндегі отырыс спикер мен депутат арасындағы жанжалдан басталды (ВИДЕО)

Армения Ұлттық жиналысының отырысы шағын оқиғамен басталды. Парламент спикері Рубен Рубинян «Күшті Армения» партиясының депутаты Эдгар Казарянның микрофонын өшіріп, қауіпсіздік қызметкерлерін шақырды,деп жазады Ozgeris.info.

Эдгар Казарян парламент төрағасының депутаттарға деген қарым-қатынасын сынға алған. Бұған жауап ретінде Рубен Рубинян депутаттың сөзі отырыстың күн тәртібіне қатысы жоқ екенін айтып, сөзін тоқтатуды талап еткен.

Алайда Казарян сөзін жалғастырған соң, парламент спикері қауіпсіздік қызметкерлерін шақырып, олардан депутатты орнына қайтуға шақыруды сұраған.

Барлық жаңалық