Кәсіпкер Кеңес Рақышев жұбайы Әселді туған күнімен құттықтап, оның отбасы мен қоғам алдындағы еңбегіне алғыс білдірді. Ол құттықтауында жарының төрт баласына қамқор ана екенін және кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласатынын атап өтті, деп жазады Ozgeris.info.
«Сен менің өмірлік серігім ғана емес, төрт баламыздың аяулы анасы, отбасымыздың берекесі мен тірегісің. Балаларымыздың тәрбиесіне, олардың болашағына, отбасымыздың бірлігі мен бақытына қосып жүрген үлесің үшін саған алғысым шексіз», - деп жазды Кеңес Рақышев.
Кәсіпкер жұбайының отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті қатар алып жүретінін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Әсел төрт баланың анасы бола тұра, өз ісін дамытып, кәсіпкер ретінде де еңбек етіп келеді.
Сондай-ақ ол жұбайының білім беру саласындағы жұмысына тоқталды. Әсел балалардың дүниетанымын кеңейтуге, ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған танымдық іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Бұдан бөлек, Кеңес Рақышев жарының экология саласындағы еңбегі мен қайырымдылық бастамаларын да атап өтіп, оның өзгелерге жанашырлығын жоғары бағалады.
«Біз сені жақсы көреміз, бағалаймыз және сенімен мақтанамыз! Туған күніңмен, асыл жарым!» - деп жазды кәсіпкер.
Қазақстандағы ең бай адамның бірі Рақышев Иманғали Тасмағамбетовтың күйеубаласы.