Қоғам

«Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы шындықты айтты

«Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы шындықты айтты

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт марқұм бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен не себепті ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бөлісті. 

«Біздің екі жаққа кеткенімізге екі жақтан да кінә болған шығар деп ойлаймын. Мен Әлімді 10 жыл күттім. Он жыл бойы біз бала аңсадық. Сосын аяқ астынан өзі басқарған «Хабардан» жұмыстан шығарып жіберді. Өзі көтерген адам. Басқа адам көңілін аулады. Мен баламен жүрген кезде. Мен оны білмегенмін. Менің түсінігімде, көзге шөп салу деген – біреумен жатып келу емес, менің түсінігімде жаның бір болмауында, мүддең бір болмауында. Мақсатың бір болмауында. Ең басты сатқындық – сол, жалпы бала үшін отбасын сақтап қалу деген – қиял. Мен ондай өтірікте баламды өсіргім келмейді», – деп кесіп айтты тележүргізуші.

Барлық жаңалық