Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта жеке тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Сағат 17:30 шамасында мекенжайға жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде жасөспірімнің көз жұмғаны анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз өзіне қол жұмсаған. Осы фактіге байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Барлық жаңалық