Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов 2026 жылы Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Ozgeris.info
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалдық сында ресейлік балуан Иналбек Шериевпен кездесті. Тартысты өткен ақтық белдесуде қарсыласы 10:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыздың бұл нәтижесі – қазақстандық күрес жанкүйерлері үшін зор қуаныш. Нұрқожа финалға дейін жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.