Атырау қаласындағы К. Смағұлов көшесінде орналасқан қонақүй ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бір қабатты ғимаратта болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.
Құтқарушылардың жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.
"Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін ТЖМ санитарлық авиациясы айына 40-қа жуық шұғыл рейс орындайтынын жазған едік.