Ақмола облысының Шортанды кентінде 15 жастағы жасөспірімді пойыз вагонының үстінде тоқ соқты. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, Астанадан келген оқушы досымен бірге вагонның үстіне шығып, жоғары кернеулі сымға тиіп кеткен. Салдарынан денесінің шамамен 70 пайызы күйген.
Жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына байланысты әзірге басқа медициналық мекемеге ауыстыру мүмкін емес екенін айтқан.
Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.