Спорт

Англияда Дастан Сәтбаевтың жағдайына алаңдаушылық білдірілді

Англияда Дастан Сәтбаевтың жағдайына алаңдаушылық білдірілді

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаевтың денсаулығына байланысты Англия футбол ортасында алаңдаушылық туындады. «Бёрнли» клубының футболшысы 2026 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының қалған матчтарына қатысапайды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Англиялық журналист Мэтт Скрэфтон Дастан Сәтбаевтың ұлттық құрамаға шақырылмағанына назар аударып, футболшының жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін 18 жастағы шабуылшы «Линкольн Сити» клубына қарсы кездесуден кейін қайтадан магниттік-резонанстық томографиядан (МРТ) өткен. Тексеру нәтижелерін талқылаған «Челси», «Бёрнли» және Қазақстан құрамасының медициналық штабтары жас футболшының денсаулығына қауіп төндірмеу туралы ортақ шешім қабылдаған.

Осыған байланысты Дастан Сәтбаев Қазақстан құрамасының 13 және 16 қараша күндері өтетін Ұлттар лигасындағы ойындарына қатыспайды. Сонымен қатар футболшы Портсмутқа қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатына да қатыспайды.

«Дастан Сәтбаев Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына шақырылған жоқ. Портсмутқа қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихаты да болмайды. Сондықтан оның тағы да жарақат алған-алмағанын білу үшін ертеңге дейін күтуге тура келеді», – деп жазды Мэтт Скрэфтон әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 31 қазанда «Бёрнли» өз алаңында Чемпионшиптің 13-туры аясында «Портсмутты» қабылдайды. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Бұл ойында Дастан Сәтбаевтың алаңға шығу-шықпауы әзірге белгісіз.

Қазақстандық жанкүйерлер жас шабуылшының жағдайына алаңдаулы. Әзірге ең бастысы – футболшының денсаулығын толық қалпына келтіріп, жасыл алаңға аман-есен оралуы.

Барлық жаңалық