Қоғам

Қазақстан құрамалары өзара жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамалары өзара жолдастық матч өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының кездесулеріне дайындық аясында жастар құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Amanvibe.kz порталының ақпаратына сүйенсек, 8 қараша күні Түркістан қаласында бас бапкер Джон ван ’т Схип жетекшілік ететін ұлттық құрама Қазақстанның жастар құрамасымен кездеседі. Ойын жабық режимде өтеді.

Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы 5 қарашада басталады. Осы күні футболшылар Түркістан қаласына жиналып, оқу-жаттығу жиынына кіріседі.

Ал Қазақстанның жастар құрамасы Владимир Чебуриннің жетекшілігімен Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың жастар командасымен өткізетін бұл кездесуі бапкерлер штабына футболшылардың қазіргі дайындығын бағалап, алдағы ресми ойындарға тактикалық тұрғыдан әзірленуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалық