Шоу-бизнес

«Басқа әйелемен ойнап-күліп»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты

«Басқа әйелемен ойнап-күліп»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты

Медеу Арынбаев марқұм жары Айгүлді еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында кәсіби әншілердің кейде тасада қалып қоятынына тоқталды.

“40 жылға жуық сахнада жүрмін. Байқағаным, қаншама жарыстарда топ жарып, қазақтың атын шығарып жатқан кәсіби әншілер тасада қалып қояды. Әрине, оған біріншіден өзі кінәлі. Талантты адам сенгіштеу келеді. 1992-1996 жылдары мен де топ жарып, түрлі жарыстарға қатыстым. Ол кезең бітті. Арасында тойға шақырады. Ол жерде конкурстық әнді айтамын, бірақ олар өте қоймады. Орысша, ағылшынша да айтып көрдік. Бірақ, олар да өте бермейді екен. Кейін “Ақ бантик” әнін айтып едім, жақсы қабылдады. Маркетингтік жолдың бастамасы деуге болады. Содан соң АБК тобы құрылып, 5 жылдай үлкен мектеп болды. Ары қарай өз әндерім шығып кетті”, — дейді ол. 

Сондай-ақ Медеу Арынбаев махаббат туралы түсінігімен бөлісіп, марқұм жары Айгүлмен бірге өткізген уақыты мен араларындағы шынайы сезім туралы айтты.

“Махаббат деген — мәңгі сүю, күнәсіз адалдық деп бекер айтпайтын шығар. Тарихта мәңгі сүйгендер, адал болғандар бар. Олар аңыз, ән болып жеткен. Махаббат — болмысың, өмірге жетелеген әдемі кезең, мұрат-мақсатыңның деңгейін көтерген сезім. Бір адамды өмір бойы сүйіп өтсең, тірі кезінде бағалай білсең, махаббаттың шыңы сол. Ал дүние салып кеткеннен кейін әттеген-айың бар. Болса екен деген ойың, кешірімің, өкінген жағдайың қосылып, тұрақтылыққа ұласады. Бастапқы кезде балалар үшін деп үйленбедім. Басында Айгүл дүниеден өткенде уақыт өткесін пендешілігіме салып, басқалармен ойнап-күліп кететін шығармын дедім. Бірақ оның ыстық махаббаты, арамыздағы шынайылық қайта-қайта есіме түсе берді. Жыл өткен сайын құндылығы өсе берді. Қиын нәрсе. Сөзбен жеткізу оңай емес. Бір кезеңдерде маған кездескен адамдарды Айгүлмен салыстырдым. Менің басымдағы қайғыны Айгүл алып кеткен сияқты болды. Бізге тек ақ жол, жарқын өмір қалдырып кеткендей болды. Балаларды маған аманаттап тастап кеткеніне де өкінемін. Жылап та аламын. Әртүрлі жағдай болады”, — дейді әнші. 

Барлық жаңалық