Қоғам

Димаш Құдайберген Анкарада түркі мемлекеттерінің басшылары алдында ән шырқады

Димаш Құдайберген Анкарада түркі мемлекеттерінің басшылары алдында ән шырқады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Анкарада өткен түркі әлемі өнерпаздарының концертінде өнер көрсетті. Мәдени кешті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары тамашалады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Концерт бағдарламасына түркі халықтарының таңдаулы шығармалары енді. Оларды «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркияның Президенттік симфониялық оркестрі орындады. Сондай-ақ көрермендерге түркі халықтарының дәстүрлі билері ұсынылды.

Кеште Димаш Құдайбергенмен бірге түркиялық танымал әнші Кырач та өнер көрсетті.

Барлық жаңалық