Қоғам

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті, деп хабарлайды  Ozgeris.info сайты.

Кездесуге бастамашыл топ мүшелерімен бірге Бас әскери прокурор мен ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері қатысты.

Айдос Мырзахметов қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, олардың өтініштері мұқият қаралатынын айтты. Министр әрбір өтініш бойынша нақты жауап берілетінін атап өтті.

Кездесу соңында ол әр жағдаймен жеке танысып, туыстары ұсынған материалдарды зерделеуге уәде берді.

Барлық жаңалық