Шоу-бизнес

«9 жыл бұрын екі жаққа кеттік»: Олжас Абай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты

«9 жыл бұрын екі жаққа кеттік»: Олжас Абай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты

Актер Олжас Абай әйелі Дариға Бадықованы айыптап, ауыр сөздер жазатын жандарға ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сондай-ақ ол бұрынғы некесіне қатысты мәселеге нүкте қойғысы келетінін айтты.

«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін. Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімнің бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден 9 жыл бұрын екі жаққа келісімді түрде кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осы мен осы тақырып жабылсын. Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен талай қуантамыз», – деді Олжас Абай.

Барлық жаңалық