Белгілі әзілкеш Жанболат Найзабеков Динара Сәтжаннан көмек сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол Жұмабек Жанықұлмен кездесу ұйымдастыруды өтінген.
"Динара, менің "Бауыр" деген кином 5-қарашадан бастап шығады. Соған 3-қарашада барып ағаға құлағымды шеркізіп алсам бос па екен", деп әзілдеді ол.
Желі қолданушылары әзілкештің тапқырлығына риза болып, түрлі пікір қалдырған.