Қоғам

«Үндемегенге үдемеңдер»: Дариға Бадықова ашуға булығып, қатаң ескерту жасады

«Үндемегенге үдемеңдер»: Дариға Бадықова ашуға булығып, қатаң ескерту жасады

Танымал актриса Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап беріп, қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі әлеуметтік желіде өмірін талқылап, орынсыз пікір білдіретін жандарға жазба арнады.

«Ең сорақысы, өзгенің өміріне үкім шығарып отырғандар өз өмірлеріне бір сәт әділ қарап көрмейді! Естеріңде болсын,  менің өмірім сендердің талқылайтын меншіктерің емес. Мен сендердің рұқсаттарыңмен өмір сүрмеймін»,– деп жазды ол. 

Ол біреудің өмірін сөзу етудің  соңы жақсылыққа апармайтынын ескертті.

«Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай боларын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар! Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар!»,– деді актриса.

Актрисаның айтуынша, біреудің тағдырына баға бермес бұрын, әркім алдымен өз өміріне көз жүгіртуі керек.

Біз сендер сияқты біреудің өмірін аңдып, пікір жазып отырған жоқпыз. Еңбек етіп, тіршілігімізді жасап, өз өмірімізді сүріп жүрміз. Сендер де солай жасап көріңдер! Біреуді күндеудің орнына өздеріңді дамытыңдар! Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер! Әр нәрсенің шегі бар! Өзгенің өміріне ақыл айтатындай әулие болсаңдар, алдымен өз өмірлеріңді түзеп алыңдар! Бүгін айтқан әрбір ауыр сөздерің үшін ертең жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар», – деді Дариға Бадықова.

Барлық жаңалық