Қоғам

Путин өткен жаздан бері алғаш рет Еуропа елдерінің көшбасшыларымен сөйлесті

Путин өткен жаздан бері алғаш рет Еуропа елдерінің көшбасшыларымен сөйлесті

Финляндия президенті Александр Стубб пен Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре 27 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,деп жазады Ozgeris.info.

1news.az хабарлауынша, Финляндия президентінің кеңсесі келіссөз туралы ақпарат таратқан. Телефон арқылы әңгімелесу 20 қазанда Ослода өткен кездесудің жалғасы болған. Сондай-ақ келіссөз Украина тарапымен келісілгені айтылды.

Тараптар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын, оны тоқтатуға бағытталған дипломатиялық әрекеттерді, сондай-ақ Еуропада бейбітшілік пен тұрақтылық орнату перспективаларын талқылады. Әңгіме алдағы уақытта Абу-Дабиде өтетін кездесулермен де байланысты болған.

Александр Стубб пен Йонас Гар Стёре Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтіп, соғысты тоқтату үшін келіссөздерді қайта бастау қажет екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар екі көшбасшы бұл әңгімеде бүкіл Еуропаның атынан емес, өз елдерінің атынан сөйлескенін нақтылады.

Барлық жаңалық