Алматылық «Қайрат» клубы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады. Команда алдағы маусым алдында құрамына өзгерістер енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info
Бейресми ақпаратқа сәйкес, алматылық клуб бірнеше футболшымен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Олардың қатарында бразилиялық қорғаушы Лукас Африко, қазақстандық қорғаушы Еркін Тапалов және қақпашы Лев Кургин бар.
Сонымен қатар жартылай қорғаушы Әділет Садыбековтің командадағы болашағы да әзірге белгісіз. Оның клубта қалатыны немесе басқа командаға ауысатыны жөнінде нақты ақпарат жоқ.
Айта кететін жайт, аталған футболшылардың ықтимал кетуі туралы мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан «Қайраттың» келесі маусымға арналған құрамына қатысты түпкілікті шешім әлі белгісіз. Сондай-ақ бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Ұразбахтиннің қызметінен кету туралы өтініш жазғаны хабарланған болатын. Бұл жағдай клубтағы алдағы өзгерістерге қатысты қызығушылықты арттыра түсті. Сонымен қатар Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалған «Ертіс» клубында да кадрлық өзгерістер болуы мүмкін.