Қоғам

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы дүниеден өтті

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы дүниеден өтті

Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, Қырғызстанның қоғам қайраткері Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қаралы хабарды Шыңғыс Айтматов атындағы қор желідегі парақшасында жариялады.

«Роза Айтматованың 89 жасында өмірден озғанын өкінішпен хабарлаймыз. Роза Төреқұлқызы туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген қордың хабарламасында.

Роза Айтматова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген білім беру қызметкері әрі қоғам қайраткері.

Ол сондай-ақ Әйелдерге көмек көрсету орталығын басқарып, әйелдердің құқықтарын қорғауға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға белсене үлес қосқан.

Мәдениет пен ағарту саласына сіңірген еңбегі үшін Роза Айтматова Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.

Барлық жаңалық