Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг америкалық рэпер Никки Минаж АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа баспасөз хатшысы болуы мүмкін екенін әзіл-шыны аралас меңзеді,деп жазады Ozgeris.info.
Ол әлеуметтік желіде әншімен түсірілген видеоны жариялап, одан Трамптың экономикалық саясаты мен қызметі туралы сұрақтар қойған.
«Ханымдар мен мырзалар, Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысын тапқан сияқтымыз», – деп жазды Чунг.
Видео Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Закария тағайындалғаннан кейін бес күн өткен соң қызметінен кеткеннен кейін жарияланды.
Әңгіме барысында Никки Минаж Трамптың экономикалық саясатын оң бағалап, АҚШ-тың бизнес саласын жақсы түсінетін президенті бар екенін айтты.
«Президент – нағыз кәсіпкер. Ол банк шотында бір доллар да қалмаған кездің өзінде қайта көтеріліп, жетістікке жете алды», – деді әнші.