Қазақстандық танымал заңгер әрі адвокат Ғабит Өмірбек өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қайғылы жаңалықты журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, заңгердің дүниеден өткенін жақындары хабарлаған.
«Құдайым-ай, сене алар емеспін. Ғабит досымыздан айырылып қалдық. Жаңа ғана әпкесі хабарласып айтты. Жап-жас еді, қаншама арман-мақсаты бар еді. Ол батыл заңгер, мықты маман, өте жақсы азамат еді. Сюжеттерімнің қаншама кейіпкеріне тегін көмек көрсетіп, “Қандай көмек керек?” деп жанашырлық танытып жүгіріп жүретін өте жақсы адам еді», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Ғабит Өмірбек – Қазақстандағы қоғам назарын аударған істерде жәбірленушілердің құқығын қорғауымен танылған. Ол халықаралық заңгер, адвокат әрі құқық қорғаушы ретінде қызмет еткен. «Құрметті заңгер» атағына да ие болған.