Астанада Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бүгін, 24 қазанда Астанадан Оманның Салала қаласына алғашқы халықаралық рейс ұшты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алғашқы рейспен 140 жолаушы сапарға шыққан. Ал 23 қазанда Алматыдан Салалаға алғашқы ұшақ қатынап, борт толық жолаушымен ұшқан.
Алматыдан Салалаға әуе рейстері әр жұма сайын аптасына бір рет қатынайды. Ал Астанадан аталған қалаға ұшақтар сенбі күндері ұшады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы Алматы – Маскат бағыты бойынша SalamAir әуе компаниясы арқылы да жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 6 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің кездесуі өтті. Келіссөздер нәтижесінде екі елдің үкіметі әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.