Актер Олжас Абай әйелі Дариға Бадықоваға деген сезімін білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына Дариға Бадықованың қолынан сүйіп жатқан видеосын жариялаған.
«Қарындасым, кеттік. Жүрсеңші, тамақ ішейік, кеш батты ғой. Осылай істемесе, тұрмайтын болғансыз ба?» – деді актер видеода.
Желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырды.
«Мақпал Жүнісова ма деп қалдым», «Баласы сияқты», «Әлі кішкентай бала сияқты», «Қарындасым деп қояды», «Бақытты болыңдар», – деп жазды оқырмандар.