Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан көптен бері сәби сүйе алмай жүрген бір отбасының ЭКО бағдарламасына қатысты барлық шығынын өтейтінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның сөзінше, халықтың қолдауы мен ақ батасына алғыс ретінде өзі де көпшілікке жақсылық жасағысы келеді.
«Шын мәнінде, қазір қатты толқып тұрмын. Алла Тағала жүрегіме осындай белгі салды. Барлық халықтың арқасы ғой. Халық батасын беріп жатыр, халық бізді көтермелеп жатыр. Мен де осы халыққа жақсылық жасай аламын ба деп ойлап, Алладан бала тілеп жүрген бір отбасының балалы болуына себепкер болсам деген ниетім бар», – деді ол.