Қоғам

Жабайылық: Ақтауда теміржол вокзалының ашылуында адамдар бір-бірін таптаған

Жабайылық: Ақтауда теміржол вокзалының ашылуында адамдар бір-бірін таптаған

Маңғыстау облысында жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Үш қабатты ғимараттың аумағы 9 мың шаршы метрден асады, бұл бұрынғы ғимараттан 11 есе үлкен, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Жаңа вокзал тәулігіне 2,5 мың жолаушыға, ал жазғы маусымда 4 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсете алады. Ғимаратта лифтілер, эскалаторлар және траволаторлар орнатылған.

Ашылу салтанатына Қазақстанның көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, теміржол саласының ардагерлері, жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтары қатысты.

Вокзалға кіреберісте адамдар кіруге таласып кептеліс жасаған.

Барлық жаңалық