Танымал актер, «Өнер қырандары» театрының мүшесі Жанболат Найзабеков өміріндегі ең қиын кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады. Айтуынша, той күні жантүршігерлік жол апатына ұшырап, әйелінің ең жақын құрбысы қайтыс болған. Жолда тоқтаған сәтте әйелінің марқұм құрбысы Жанболат Найзабековпен орын ауыстыруды сұраған. Арада 20 минут өткенде олар қайғылы жағдайға тап болған.
“Ең қиыны – ата-анасына, менің келіншегіме естірту болды. Келіншегіме екі-үш күндей өтірік айттым. Өйткені менің келіншегімнің артқы лововой басын жыртып жіберген. Қан тоқтаған жоқ. Киноларла той көйлектің қып-қызыл қан болатынын. Тура сондай болды. Ол кезде инстаграм дегендер жоқ еді. Бірақ “Өнер қырандарындағы” Мадияр мен Жанболат қайтыс болып кетіпті деген қауесеттер тарады. Тойымыз болмай қалды. Ата-анасына әкем естіртті. Мен есеңгіреп жүрдім. Біразға дейін баруға бата алмадық. Қиын болды. Іңкәр депрессияға түсіп кетті. Жан дегенде жан құрбысы. Уақыт емші, өткіздік. Одан кейін ауылда қалғым келмеді. Мындай жағдай болып жатты. Сонымен дүниелерімізді жинап, Алматыға қарай пойызбен кеттік. Келген кезде өнердегі ағаларымыз жан-жақтан көмектесіп, аяққа тұрып кеттік. Ата-анасымен жүздестік, кешірім сұрадық. Өте қиын болды. Тағдыр солай болып тұр енді. Басына бардық, Құран оқыдық. Іңкәр өзін ұстай алмады. Үлкен жара болып қалды. Арада қанша жыл өтті еш жерде айтпағанмын. Айтқым да келмеді. Айтуға да ыңғайсыздандық», – деді актер ауыр күрсініп.
Актер қайғылы жағдайдан кейін той жасалмағанын айтты.
«Әйелім қансырап жатты. Мен сотрясение далада жүрмін. Келген қонақтарым не істерін білмей жатыр. Жігіттерге Алла разы болсын, бәрін шығарып салды. 400 адамға дастархан жайылған. Үлкен тойхана. Алматыдан қаншама әртіс келген. “Адамның емес, Алланың дегені болады” деген. Бәлкім, қателікке жауап берген шығармыз. Не де болса өзімізден көріп, өзімізден іздейміз. Сөйтіп ол кезеңнен де өттік. Бәрі саябырсыған кезде ағайынмен кішігірім беташар істедік. Содан той жасалмады. Енді той жасайтын шығармыз деп отырмыз», – деді ол.