Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы кездесуді стадионнан тамашалады. Нидерландтық маман бұл матчта ұлттық құрамаға шақырылуы мүмкін футболшылардың ойынын бақылаған, деп хабарлайды Ozgeris.info
Алматыда өткен екінші тур ойынында грекиялық клубы 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) мәліметінше, бас бапкердің матчқа қатысуы ұлттық құраманың алдағы ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған. Тренерлер штабы қазақстандық футболшылардың өнерін бақылап, олардың қазіргі физикалық дайындығы мен ойын деңгейін бағалауды жалғастырып жатыр.
Федерацияның хабарлауынша, футболшыларды стадионнан тікелей бақылау олардың физикалық жағдайын, тактикалық дайындығын және жоғары қарқынды халықаралық матчтарда шешім қабылдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Джон ван ’т Схип Қазақстан чемпионатындағы және еуропалық турнирлердегі отандық ойыншылардың өнерін жіті қадағалап, ұлттық құрамаға үміткер футболшылар туралы ақпарат жинап жүр.
Айта кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы соңғы кездесулер күтіп тұр. 13 қарашада қазақстандық футболшылар сырт алаңда Молдова құрамасымен кездессе, 16 қарашада өз алаңында Словакияға қарсы ойнайды.
Алдағы матчтар алдында жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары бапкерлер штабына футболшылардың дайындығын бағалап, ұлттық құраманың қорытынды тізімін жасақтауға көмектеседі.