Спорт

"Есекті қанша мақтасаң да, ат бола алмайды":Қуат Хамитов «Қайраттың» жеңілісіне қатысты өткір пікір білдірді

"Есекті қанша мақтасаң да, ат бола алмайды":Қуат Хамитов «Қайраттың» жеңілісіне қатысты өткір пікір білдірді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Алматының «Қайрат» футбол клубының УЕФА Конференциялар лигасындағы сәтсіз ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол алматылық клубтың өз алаңында грекиялық «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен ойсырай ұтылғанына байланысты: «Сколько осла ни хвали, конём он не станет» («Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды») деп жазды.

Бұл сөз әлеуметтік желіде жарияланып, футбол жанкүйерлерінің назарын аударды.

Екі турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ғана ұпай бар. Алматы командасы 36 клубтың арасынан 31-орында тұр. Келесі кездесуін қазақстандық клуб 5 қарашада Италияда «Аталантаға» қарсы өткізеді.

 

Барлық жаңалық