Қоғам

«Құлақтан теуіп кететін ағалардан артық»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды

«Құлақтан теуіп кететін ағалардан артық»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды

Жұмабек Жанықұл құлағынан шерткен асаба Нұрбек Саламатов кәсіпкермен кездескенін айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, Жұмабек Жанықұл кездесуге арнайы шақырып, ағалық құрметін көрсеткен. 

«Құлақтан теуіп кететін ағаларға қарағанда, құлағыңнан шертіп кететін аға мың есе артық па деп қоямын. Жұмабек аға кездесуге шақырып, ағалық құрметін көрсетті! “Інім, сенің дұрыс түсінгеніңе қуаныштымын. Ініңнің құлағынан шерту қоғамда осылай талқыланатынын білмеппін. Әйтпесе, мен өзімнің інілерімнің құлағынан шерпек түгілі, беттерінен де тістеп қоямын. Өзіме жақын тартқан соң, жақсы көрген соң”, – деп күлді. Жақсы іні бола білетін жігіт екенсің, бұйыртса жақсы аға болатынына да сенемін, болашағың жарқын болсын деп тілегін білдірді. Менде ағалық білдіріп, қарапайымдылық танытып кездесуге шақырғанына рахметімді айтып тарқастық. Жұмабектің бажасы емес, енді Жұмабектің інісі деген сөз хит»,– деді асаба.

 

Барлық жаңалық