Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Айгерім Саркенова отбасы жайлы күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бөлек шығуға деген көзқарасын білдірген.
"Көптеген жас отбасылардың бөлек тұрғысы келетінін білемін. Ал біз отау құрғанымызға 9 жыл болса да, осы уақыттың ішінде папа мамамен бірге тұрамыз. Бұл біз үшін қиындық емес, керісінше, бір-бірімізге жақын болып, тату тәтті өмір сүруімізге себеп болды. Әсіресе, әкеміздің орны ерекше. Оның ақылы, қолдауы мен даналығы талай қиындықты еңсеруге көмектесті. Отбасымыздың берік болуының бірден-бір себепкері де осы кісі деп айта аламын", - деп жазды ол.