Жаңалықтар

«Премьер басынан сипап, әкім арқасынан қақты»: Шымкенттік ана қуанышын жасыра алмады

«Премьер басынан сипап, әкім арқасынан қақты»: Шымкенттік ана қуанышын жасыра алмады

Әлеуметтік желіде Премьер-министр Олжас Бектенов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің кішкентай баламен бірге түскен суреті жарияланды, деп жазады Ozgeris.info.

Жазба авторы оларды күтпеген жерден кездестіріп, суретке түсу мүмкіндігі болғанын айтқан.

«Бүгін ойламаған жерден алдымыздан Премьер-министр Олжас Бектенов пен қаламыздың әкімі Ғабит Сыздықбеков шығып, суретке түсу бұйырыпты. Ағаларымызға ұқсап ел басқарар азамат бол, ұлым!» – деп жазды ол.

"Болашақ елдің азаматы", "Әдемі түсіпті", "Басынан Премьер сипай, арқасынан әкім қақса, ұлыңыз жай бала болмағаны ғой! Жұғысты болсын", "Біреу тиіссе осы суретті көрсетесің ғой", деп көпшілік жылы пікірлерін жазды. 

Барлық жаңалық