Жапон жазушысы әрі кинорежиссері Рю Муракамидің қайтыс болғанын Gentosha баспасы хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.
Ол 17 қазанда өз үйінде көз жұмған. Жазушы 74 жаста болған. Қоштасу рәсімі отбасы мүшелерінің қатысуымен өткен. Рю Муракамидің туыстары гүл шоқтарын, қайырымдылық көмектерін және көңіл айту хаттарын жібермеуді сұраған.
Рю Мураками — «Көгілдірдің барлық реңкі», «Қоймадағы балалар», «Мисо-сорпа» және басқа да шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол өз кітаптарының желісі бойынша фильмдер түсірген.