Қоғам

Путин үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді

Путин үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді

Ресей түпкілікті бейбіт келісім жасалғаннан кейін АҚШ және Украинамен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келіссөздерді қайта бастауға келісті. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Павел Зарубинге берген сұхбатында мәлімдеді,деп жазады Ozgeris.info.

Путиннің айтуынша, әңгіме соғыс қимылдарын уақытша тоқтату туралы емес, толыққанды бейбіт келісім жасау туралы болуы керек.

Ресей басшысы келіссөздер аясында Еуропаның болашақ қауіпсіздік жүйесін талқылау идеясын да қолдады.

«Алдағы күндері жағдайдың қалай өрбитінін көрейік», — деп қосты Путин.

Осыған дейін АҚШ, Ресей және Украина Абу-Дабиде келіссөз өткізуі мүмкін екені белгілі болды.

Барлық жаңалық