Қоғам

Мәскеу әуежайлары жабылды: Шереметьевода әуе дабылы жарияланды

Мәскеу әуежайлары жабылды: Шереметьевода әуе дабылы жарияланды

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында әуе дабылы режимі енгізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жолаушылар паналау орындарына бағытталып, әуежай қызметкерлері эвакуациялау мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елорданың үш ірі әуежайы — Шереметьево, Домодедово және Внуково рейстерді қабылдау мен жөнелтуді уақытша тоқтатты.

Бұған жаппай ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы себеп болған. Хабарлама жарияланған сәттегі мәлімет бойынша, Мәскеуге жақындаған кезде 16 дрон ұсталған. Бірқатар аудан тұрғындары жарылысқа ұқсас дыбыстар естігендерін хабарлаған.

Барлық жаңалық