Англияның «Бернли» клубы Чемпионшип аясындағы «Линкольн Ситиге» қарсы матч алдында бірден 14 футболшысының көмегіне жүгіне алмайды. Бұл жағдай қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігіне қатысты сұрақ туғызды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Британдық журналист Мэтт Скрафтонның мәліметінше, команда ойыншылардың жарақаты мен тіркеуге қатысты бірқатар мәселелерге тап болған. Соның салдарынан клуб алдағы сырт алаңдағы кездесуге кейбір футболшысын қоса алмайды.
Қатардан шыққан ойыншылардың арасында Бен Эймос, Анел Ахмедходжич, Йордан Байер, Башир Хамфрис, Шоранди Самбо, Ханнибал Межбри, Аарон Рэмзи, Джейдон Банел, Якоб Ларсен, Майк Трезор, Зеки Амдуни, Эшли Барнс, Майкл Обაფеми және Джейми Варди бар.
Ойыншылардың көптеп болмауы «Бернлидің» құрам таңдауына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты жанкүйерлер Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігін талқылап жатыр.
Дегенмен қазақстандық футболшының бастапқы құрамда болатыны әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оның алаңға шығу мүмкіндігі бас бапкердің шешіміне байланысты болады.