Қоғам

«Сөзім үшін кешірім сұрамаймын»: Бақыт Тұрманның үндеуі көптің ашуына тиді

«Сөзім үшін кешірім сұрамаймын»: Бақыт Тұрманның үндеуі көптің ашуына тиді

Әнші Бақыт Тұрман отбасындағы мәселені көтеремін деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің «Салақтықтан бала тумаңыздар» деген сөзі көпшіліктің ашуын туғызған.

«Уайымдамаңыз! Мен де 5 бала туған анамын! Мен де білемін оның ауырлығын, қиындылығын, оған қоса қызығын да! Егер ахуалың жетіп, қалауың, денсаулығың жетіп, ерің жаныңда болып тусаң, ол – бір бақыт! Мәселе ойсыз, сенімсіз, қандай адамнан туып жатқанын танымай туғандар туралы! Сіз сұхбатты көрдіңіз бе? Көріңіз, сонда әйелдердің жүректен емес, құлдықтан сеніп тиіп, топырлатып бала туып, ең соңында өзі қор болып, баланы қорлап жатқандарын көресіз! Бұл әңгіме сол туралы! Бұл әңгіме туып тастағандарға емес, енді туатындарға арналған! Өзіңізге сенімсіздік емес, ақыл қосыңыз!» – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші әрдайым өзекті мәселелерді көтеріп, орынды пікір айтатынын атап өтті. Бұл сөзі үшін де кешірім сұрамайтынын да айтты.

«Мен ешқашан бос сөз айтпаймын. Және өз парақшамда қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүремін. Мақтайтын жерде мақтап, ұнамайтын жерде айтамын. Мен оны әнші ретінде емес, мен жай ғана осы елдің азаматы ретінде, қоғамда жүрген, көзім көріп, құлағым естіп, жүрегім сезіп жүрген дүниелерді айтуға тырысамын. Және менің айтқан сөзім атқан оқтай. Мен ешқашан өзімнің сөзім үшін кешірім сұрамаймын. Өйткені ол менің өз ойым. Мен ешкімді балағаттамаймын, ешкімнің жеке өміріне өтпеймін», – деді Бақыт Тұрман.

Барлық жаңалық