Павлодарда волейболдан жарыс кезінде Шымкент командасының жаттықтырушысы жас спортшы қызды басынан ұрған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Басқарманың мәліметінше, команда 2009 жылы туған және одан кіші қыздар арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші турына қатысып жатқан. Оқиғаның видеожазбасы әлеуметтік желілерде тарап, елдің алаңдаушылығын оятты.
Қазақстанның волейбол федерациясы ресми хатында Хамит Мырзабековтің Қазақстан чемпионаты аясындағы волейбол жарыстарына қатысуына тыйым салынғанын мәлімдеді. Бапкер жекеменшік волейбол клубында алты-жеті ай жұмыс істеген. Клуб өкілінің мәліметінше, ол қызметінен босатылған.
Сонымен қатар командадағы өзге спортшы қыздар жаттықтырушының мұндай әрекетке бұған дейін де барғанын айтқан.