28–30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Анкара қаласында екі ел басшылары кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.